Аудандық білім беру бөлімінің 2020 жылғы  №08-04-01-1/192 санды қатынас қағазы негізінде «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы өткізілді. Акция мақсаты – оқушыларды білім алу орнына тасымалдауды ұйымдастыруда қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету. Сондай – ақ балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды жүзеге асыру барысында жол-көлік оқиғасының алдын алу.

 

Акция барысында балаларды мектепке және үйге дейін жеткізуді қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ балаларды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде ата-аналар қоғамдастығының, мекемелердің үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен жұмыстар атқарылды.

 

Жол қозғалыс ережелері туралы парақшалар мен брошюралардың таратумен жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата – аналары үшін «Қауіпсіз жол!» тақырыбында сынып сағаттарын өткізілді. Жол қозғалысының қатысушыларын жолда сақ болуға шақыру бойынша флешмобтар өткізілді.

 

Мектептегі жас жол инспекторлар тобының  мүшелеріне жол ережелері туралы түсіндіру сәтінен

 

Бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата – аналары үшін «Жарқын бол!» тақырыбында сынып сағатынан

 

Жол қозғалысының қатысушыларын жолда сақ болуға шақыру бойынша флешмоб өткізу сәті

 

Мектеп инспекторының оқушылармен түсінік жұмыстары сәтінен