Қазақтың асыл қасиеттерінің бірі – жомарттық, кеңпейілділік.

Жомарт болу – өзінде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Еңбекші жалпы орта мектебінде тұрмысы төмен, көп балалы, жетім, жартылай жетім білім алушылар анықталып, оқушыларға қолдау көрсету, қамқор болу, жас ұрпақтың бойында адамгершілік, ізгілік секілді игі қасиеттерді дамыту мақсатында «Мектепке жол» акциясы қарсаңында қайырымдылық  ұйымдастырылды. Демеушілердің көмегімен 195 000 теңгеге 42 оқушыға сөмке мен оқу құралдары алып берілді.  Оқушыларымызға қолдау көрсетуге үлес қосқан Жұмекен ауылдық округіне, Еңбекші жалпы орта мектебіне, ауыл кәсіпкерлері Э.Адиловке, Ж.Каримовке, К.Тайрова, С.Баймуратов, Т.Рамазанова, Б.Нысанова және ЖЖБ-нің басшылары Е.Кумаргалиев, Р.Жаудин, Н.Жарнековке ризашылығымызды білдіреміз.