Еңбекші жалпы орта мектебінде 2019 жылдың 3-қазаны күні республикалық «Экологиялық сағат» акциясы болып өтті.

 

Акция мақсаты білім алушылардың қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейту, табиғатты аялауға, елін-жерін сүюге, туған жер мәртебесін көтеруге үлес қостыру. Акция барысында бастауыш, ортаңғы буын, жоғарғы буындарда танымдық-дамытушылық сабақтар өткізіліп, мектеп ауласына тал егу шарасына жалғасты. Мектеп бойынша 20 тал егу жоспарланып, жүзеге асырылды. Шараға Еңбекші ауылдық округінің әкімі Амирханов Руслан Тасмұратұлы, мектеп директоры Шаяхметов Мырзабай Қабиболлаұлы, мектептің кәсіподақ ұйымының жетекшісі Қадралиев Сарсенбай Өтепбергенұлы қатынасып, акцияға үлес қосып, жылы лебіздерін білдірді.